АЛМАТЫДА ӨТЕТІН ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ КОНЦЕРТІНЕ САТЫЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Димаш Құдайберген Қазақстандағы ең үлкен және аты аңызға айналған спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда «STRANGER» атты орасан зор жеке концертін өткізеді. «STRANGER» концерті әлемнің түкпір-түкпірінен әнші шығармашылығының жанкүйерлері жиналатын ең жарқын және ауқымды әлемдік шоулардың бірі болады.
Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концертін тағатсыздана күтті: алғашқы 15 минуттың ішінде шоуға билеттерді әлемнің 36 елінен Dears сатып алды, ал алғашқы 3 күнде стадион трибунасына билеттердің 80% - ы сатып алынды. Демек, әншінің бірегей дауысын естігісі келетіндердің барлығына билет сатып алуды кейінге қалдыруға болмайды.
Көрермендерді ультразаманауи шоу күтуде, онда баршаның сүйіп тыңдаған композицияларымен қатар, жаңа туындылар да шырқалады!
Димаш Құдайберген - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Орындаушының есебінде вокалдық байқаулардағы жеңістердің қомақты саны бар.
Әншінің мансабындағы ең әйгілі 2017 жылы Қытайда өткен «I am Singer» байқауына қатысу болды. Аспан асты еліндегі вокалдық шоудағы табыс Димаш Құдайберген үшін бүкіл әлемде зор перспективалар ашты. Осыдан кейін қазақстандық орындаушы Еуропада, Азияда, сондай-ақ АҚШ-та Нью-Йорктегі әйгілі BARCLAYS аренасында үлкен стадиондық концерттер берді.
Қазіргі уақытта Димаш үлкен халықаралық сыйлықтардың, соның ішінде MTV Global Music Awards-тың 30-дан астам наградасының иегері болып табылады, онда «Үздік халықаралық әнші» номинациясын жеңіп алды.
Алматыда Димаш Құдайбергеннің концертіне билет сатып алу Ticketon.kz сайтында қолжетімді.